12 Мамыр, 2010

27 МАЙДАНГЕР ПӘТЕР АЛДЫ

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел басына күн туып, ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен қиын-қыстау жылдары Жамбыл облысынан майданға 120 мыңнан астам азамат, яғни өңірдегі әр төртінші адам соғысқа аттаныпты. Солардың ішіндегі 32 мыңнан астамына туған жер топырағын қайта басу жазбапты. Бүгінде Бауыржан Момышұлы, Сәду Шәкіров, Ағаділ Сухамбаев, Тайыр Тастандиев, Ыбырайым Сүлейменов, Амантай Дәулетбеков, Нұролла Фазлаев, Николай Белашов, Владимир Савва, Саттар Естемісов сияқты даңқты жерлестерінің есімдерін жамбылдықтар мақтанышпен еске алады. Жеңіс мерекесінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев тұрғын үй жағдайын жақсартуға кезекте тұрған Ұлы Отан соғысының 27 ардагеріне Тараз қаласынан пайдалануға берілген жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.