Жақын арада ол медициналық ұйымдарға таратылып, барлық емханаларда халыққа қолжетімді болады.
«Вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсынан кейін ревакцинация жүргізуге арналған. Ревакцинация вакцинацияның толық курсынан кейін алты айдан ерте жүргізілмейді. «Спутник Лайт» - бұл векторлық вакцина, оның құрамы «Спутниктің» бірінші компонентіне ұқсас», деп хабарлады ведомстводан.
Өңірге вакцинаның бес мың дозасы келіп түсті.