Парламент • 24 Қаңтар, 2022

Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы заң жобасын қарайды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы заң жобасын қарайды

Онда 2022 жылдың 27 қаңтарында өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді.

Алдағы Палата отырысында депутаттар сенатор Бейбіт Исабаевтың ант беруі туралы мәселені қарайды.

Сонымен қатар бейсенбіде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралады. Бұл заң жобалары мүгедек адамдардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын ынталандыру мәселелерін де қамтиды.

Сондай-ақ Бюро отырысы кезінде Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобасы салалық Комитеттерге бөлініп берілді. Олардың қатарында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да бар.