Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Алматыда 190 жаңа троллейбус пайдалануға беріледі

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов онлайн-брифинг барысында троллейбус паркіндегі жаңғырту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 190 жаңа троллейбус пайдалануға беріледі

Спикердің айтуынша, Алматыда троллейбус желілерін жаңғырту жалғасуда.

«Бүгінде 172 шақырым жол қайта жөндеуден өтті. Байланыс желілері үшін 604 жаңа тірек орнатылды. Барлығы 38 көшеде жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Желілерді қалпына келтіру жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде», деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол троллейбус паркін жаңғырту аясында 190 троллейбус сатып алынатынын айтты.

«10 қосалқы станцияны қайта құру және 190 троллейбус сатып алу жоспарда бар. Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) қаржыландыру туралы алдын ала келісімге қол қойылды. Биыл біз 100 троллейбус сатып аламыз. Олар қалаға жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың басында жеткізіледі. Қалған 90-ы екі жыл ішінде әкелінеді», деді Ғани Мырзаханов.