Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Тұрғын үйден әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үйден әскери қызметкерлерге тиесілі қару табылды

Тергеу барысында жоғарыда аталған оқиғаға қатысы бар күдіктінің үйінен әскери қызметшілерге тиесілі 1 – дана АК – 74 және 1 – дана ГП – 25 қаруы табылып, қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

Қазіргі таңда қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.