Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022

Kenes мобильді қосымшасын жүктеңіз

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ Android платформасына арналған Kenes мобильді қосымшасын әзірледі.

Kenes мобильді қосымшасын жүктеңіз

Қосымшада адамның әлеуметтік, эко­номикалық, мәдени, саяси, азаматтық құ­қықтары және қоғамдық мүдделері ту­ралы ақпарат жинақталған. Оның көмегімен қоғамдық мүддені іс­ке асыру, кеңес алу және шағымдану мүм­кіндіктері туралы (call-орталықтар, теле­фондар, сілтемелер және т.б.) білуге болады.

Қосымшада заңгерлердің тегін көмегін алу мүмкіндіктері егжей-тег­жейлі сипатталған. Қосымша Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму минис­тр­лігінің қолдауымен әзірленді.