Спорт • 25 Қаңтар, 2022

Жастар – үздіктер қатарында

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Аустрияның Инсбурк аймағында конькимен жүгіру бойынша жастар арасында Әлем кубогының кезеңдік жарыстары өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде отандық жас атлеттер ел қоржынына екі медаль салды.

Жастар – үздіктер қатарында

Бірінші күнгі бәсекеде 500 метр қа­шық­тық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 метрді үшінші болып бағындырды.