Оқиға • 25 Қаңтар, 2022

Қарттар үйінің қызметкерлері 5 жыл бойы зейнетақы жымқырған

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысында қарттар үйінен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы жымқыру схемасы әшкере болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарттар үйінің қызметкерлері 5 жыл бойы зейнетақы жымқырған

Ведомство мәліметінше, 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері «Қазпошта» филиалы өкілдерімен зейнеткерлер мен мүгедектердің жәрдемақысы мен зейнетақысын алып келген.

«18 қаңтарда пәтерлердің бірінде қылмыскерлер ұрланған 1,3 миллион теңгені өз араларында бөлісіп жатқан кезде қолға түсті. Бұл ақша биылғы қаңтарға 25 зейнеткер мен мүгедекке әлеуметтік төлемге бөлінген», делінген хабарламада.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.