Президент • 25 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді

«Сіздің «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамаңызды қолдаймыз. Білім беру, мәдениет және туризм саласындағы қазіргіден де тығыз әріптестік туралы бастамаңызды да қолдаймыз. Біз сіздің мамандарды оқыту курстарын ұйымдастыру және соған қажетті қаражат бөлу туралы айтқан ұсыныңызға ризамыз», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл саммиттың басты мақсаттарының бірі өңірдің әлеуетін нығайту екенін еске салды.

«Құрметті әріптестер! Бүгінгі саммиттің негізгі міндеттерінің бірі – Орталық Азияның әлеуетін аша түсудің жаңа тетіктерін табу. Өңірішілік әріптестік кейінгі жылдары жаңа деңгейге шықты. Бұл істе мемлекеттердің сенімге арқа сүйеген диалогы, оның ішінде тұрақты консультативтік кездесулер форматындағы байланыстар негізгі рөл атқарады», деді Президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысып жатыр.