Спорт • 25 Қаңтар, 2022

Бейжіңдегі Олимпиадаға елімізден қанша спортшы аттанады?

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қанша қазақстандық спортшы өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжіңдегі Олимпиадаға елімізден қанша спортшы аттанады?

«Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Ойындар үш спорт кластерінде өтеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысатын болады. Олар 109 медаль жиынтығын ойнатады. Бейжіңдегі олимпиадалық команда құрамында 34 спортшы өнер көрсетеді. Бұл алдыңғы олимпиадаларға қарағанда аз. Лицензиялардың көпшілігін шаңғышылар – 35, конькимен жүгірушілер – 12 және биатлоншылар – 12 жеңіп алды», деп түсіндірді ҰОК Бас хатшысы.

Шорт-трек бойынша - 9, фристайл-акробатика бойынша - 4, фристайл-могул бойынша - 6, трамплиннен шаңғымен секіру бойынша - 4, Тау шаңғысы спорты бойынша - 3, шаңғы үшсайысы бойынша - 3 спортшы өнер көрсетеді.

Андрей Крюков қазір спортшылар дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп, карантиндік аймақтарда орналасқанын еске салды: олардың екеуі - Қазақстанда және үшеуі – шетелде.