«Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алынған 1149 адам босатылды, сондай-ақ 4584 адамға ескерту жасалды. 577 адамға салынған айыппұл ескертулерге ауыстырылды. 393 қылмыстық іске тергеу жүргізіліп, құқықбұзушылық деректері байқалмағандықтан босатылды. Осылайша сот пен әкімшілік қамауға алынған 3314 адамның ішінен тек 63-і қамауда.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», деді Елдос Қилымжанов.