Спорт • 27 Қаңтар, 2022

Бір минуттағы табысы – 8 млн

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Olbg басылымы 2021 жылы бір минутта ең көп табыс тапқан спорт­шылардың тізімін жариялады.

Бір минуттағы табысы – 8 млн

Басылым ұсынған тізімде ең үздік көрсеткіш әйгілі ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегорға тиесілі екені айтылады. Ол былтыр UFC турнирінде екі мәрте америкалық Дастин Порьемен сегізбұрышта кездесіп, екеуінде де жеңіліп қалған болатын. Алайда ол осы екі айқаста небәрі үш минут қана өнер көрсетіп, 22 миллион АҚШ долларына кенелген. Бұл ақшаны бір минутқа шақсақ, ол 60 секундта 8 млн 695 мың 652 доллар тапқан болып шығады. Сондай-ақ ирландиялық жұлдыздың есеп-шотына әр жеті секунд сайын 1 миллион АҚШ доллары түсіп отырған. Конордан кейінгі орынға мексикалық боксшы Сауль Альварес жайғасқан. «Канело» былтыр бір минутта 444 мың 444 доллар тауыпты. Ол шаршы алаңда 72 минут өнер көрсеткен. Үздік үштікті америкалық футбол ойыншысы Дак Прескотт түйіндеп тұр. Оның бір минуттағы табысы – 325 мың доллар.

Рейтингтегі алғашқы 20 орынның 17-сі америкалық футбол өкілдеріне тиесілі. Ал футболшы Неймар аталған тізімде 17-орында тұр. Ол бір минутта 32 мың 716 долларға байыған. Месси – 23, Роналду 25-орынға тұрақтаған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше