Өзбекстанда электр энергиясының сөндірілуінен кейін барлық газ тұрғындарды жылумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жылу электр станцияларына бағытталатын болады.
25 қаңтардан бері Өзбекстанның бірнеше өңірінде Орталықазиялық энергожүйесіндегі апат салдарынан электр энергиясы сөндірілген болатын.
Бұл күні Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында да электр энергиясы сөндірілді. Кейін Қазақстанның оңтүстік өңірін электр энергиясымен қамтамасыз ету қалпына келтірілді.