Тағайындау • 27 Қаңтар, 2022

Серікбай Трұмов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серікбай Трұмов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, комитет төрағасы депутаттардың арасынан, сенаторлардың ұсынысы бойынша сайланады.

Осы орайда бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы лауазымға Серікбай Өтелгенұлы Трұмов ұсынылды.

Ол осыған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, ал 2021 жылғы қыркүйектен бастап Сенат депутаты болды.

Ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданып, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазына Серікбай Трұмов бекітілді.