Парламент • 27 Қаңтар, 2022

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттігінің күшін жоюды ұсынды

1158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттігінің күшін жоюды ұсынды

Бұл норма бүгін палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» Конституциялық Заңда жазылған.

Сондай-ақ, депутаттар «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделеді.

Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарып отыр.

«Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр.

Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты  бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталды. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен Мәжіліске қайтарды», деді сенат депутаты Ләззат Сүлеймен.

Сенат ұсынған түзетулер Мәжіліске жіберілді.