Әлем • 27 Қаңтар, 2022

Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Африкада жарғанаттардан коронавирусының жаңа NeoCoV түрі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады

Biorxiv порталының хабарлауынша, NeoCoV - Таяу Шығыстағы тыныс алу синдромын тудыратын MERS-CoV коронавирусының жақын «туысы».

Зерттеушілер вирустың бұл түрін жарғанаттардан тапты, бірақ ол мутацияланған жағдайда адам ағзасына ене алатынын болжайды.

Африкада анықталған NeoCoV коронавирусының SARS-CoV-2 жасушаларына енуінің ұқсас принциптері бар және ол адамдарға қауіп төндіруі мүмкін екендігі анықталды.