Үкімет • 28 Қаңтар, 2022

68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды

915 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында 33 сот сарапшысы қаңтар айындағы оқиғалар кезіндегі тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу аясында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

68 сот сарапшысынан тұратын резерв құрылды

Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізуде. Осылайша, сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты шегінде, қағазбастылыққа салыну және жұмыс мерзімін кешіктіру жағдайлары жоқ.

Алматы қаласында сараптамалар құрылыс, тауартану, өрт техникалық, баллистикалық және экономикалық бағытта жүргізілуде.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды. Олардың басым көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған.

2021 жылғы 31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірлерге жіберіледі. Қалғандары тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылмақ.

Аталған сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатыр.