Қоғам • 28 Қаңтар, 2022

Сот Біртановтың ісін прокурорға қайтарды

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты істі прокурорға қайтарды, деп жазады Egemen.kz.

Сот Біртановтың ісін прокурорға қайтарды

Аталған істің алдын ала тыңдау нәтижесі бойынша қылмыстық іс қылмыстық процестік заңнаманың бұзушылықтарын жою үшін Бас прокуратураға беріледі. 

Сот сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуші органның іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін заңды бұзушылыққа жол бергенін анықтады.

«Қылмыстық процестік кодекстің 297 бабының 7-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс сотқа прокурормен шағымды шешкенге дейiн жiберiлмеуі тиiс. Нақты жағдайда тергеу уақытында қорғаушылардың шағымдары шешілмеген», деп атап өтті аудандық соттың судьясы Ибрагим Әлкенов. 

Е.А.Біртанов пен оның қорғаушыларының қылмыстық істі қысқарту бойынша өтініштерін сот қанағаттандырмады. Себебі мұндай өтініштер іс сот өндірісіне қабылданғаннан кейін және басты сот талқылауы барысында ғана қаралады.