Фотогалерея • 28 Қаңтар, 2022

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге ұшып келді. Атлеттер қажетті тексеруден өтіп, ПТР сынағын тапсырып, олимпиадалық ауылға беттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті

Айта кетелік, Қазақстанның олимпиадалық командасы арнайы чартерлік рейспен кеше Бейжіңді бетке алған болатын. 

Алғашқы рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен.