Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен «Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты» АҚ-ның бұрынғы бас бухгалтері Елена Данилова экстрадицияланды. Ол 14 миллионнан астам теңгені ұрлады деп айыпталуда. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Е.Данилова Қазақстаннан тыс жерде жасырынуына байланысты оған Интерпол бойынша іздеу жарияланды.Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2011 жылдың мамырында Данилованың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында екені анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны беру туралы сұрату жолдады.
2013 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған болатын.
Біріккен Араб Әмірліктерінде Данилованың мүдделерін бір топ адвокат қорғады және олар беру туралы қазақстандық сұратуды қанағаттандырудан бас тартуға қол жеткізбекші болды. Олардың шағымдары бойынша Қазақстанның Бас прокуратурасы арабтар тарапына бірнеше рет қосымша материалдар ұсынды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Интерпол бюросының ұлттық орталығы, Ішкі істер министрлігі және өзге де мүдделі ведомстволардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде Е.Данилова Әбу-Дабиден Алматыға әуе рейсімен жеткізіліп, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Фото: Munara.kz.
• 18 Наурыз, 2014
Іздеуде жүрген Елена Данилова елімізге жеткізілді

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35