2014 жылғы 16 наурызда Қырым автономиялық республикасында референдум өткізілуіне байланысты Қазақстан өзінің БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына берік ұстанымын тағы да атап өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады. «Қазақстанда Қырымда өткен референдумды осы автономиялық республика халқының өз қалауын еркін білдіруі ретінде қабылдады және орын алған жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды. Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын қолдаймыз және оны БҰҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың қолдауымен келіссөздер жолымен еңсеруін қалаймыз», - делінген хабарламада. Дереккөз: Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. Фото: Gazeta.kz.