Аймақтар • 29 Қаңтар, 2022

Алматыда велосипед бағдаршамдары орнатылады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда велосипед бағдаршамдары орнатылады

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Жоспарлануда: – бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ЖҚБАЖ) құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;

– бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

– Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;

 – 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;

– 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру.

– апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату; – арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;

– веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.