Президент • 29 Қаңтар, 2022

Президент «Қазақстан халқына» қорының қаражаты қандай мақсатта жұмсалатынын айтты

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының қалай жұмыс істейтінін және оның қаражаты қандай мақсатқа бағытталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент «Қазақстан халқына» қорының қаражаты қандай мақсатта жұмсалатынын айтты

Мемлекет басшысына «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында қазақ олигархтары «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына неліктен қаржы аударуға асықпайтынын және бұл қорға бөлінген қаржы қандай мақсатқа жұмсалады деген сұрақ қойылды. 

«Бүгінде қорда шамамен 50 миллиард теңге бар. Қор қызметіне жеке араласпаймын, қор басшысы болып бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев тағайындалды. Қамқоршылық кеңесі бар, мен қатысқан жоқпын. Олар қоғамдық негізде жұмыс істеп бастады. Менің жұмысым - осы қорға жарналарды ынталандыру. Менің ойымша, өте анық үндеу жасалды. Бұл салық емес, бұл қайырымдылық, бірақ әрқашан кейбір нәрселерді реттеу керек. Менің білуімше, мемлекет салық салынатын табыстың 3 пайызын белгіледі, бұл шын мәнінде ірі бизнеске қатысты.

«Қазақстан халқы» қоры балаларға көмектеседі, балалар спортын, соның ішінде ауылдық жерлердегі спортты дамытады. Алматы қаласын қалпына келтіру, мәдениетті көтеру және басқа да мақсаттар қарастырылады. Бұл - қамқоршылық кеңестің құзырындағы мәселе», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.