Спорт • 30 Қаңтар, 2022

Қазақстандық ММА файтері үш дүркін әлем чемпионы атанды

1245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық файтер Бағдат Жұбаныш Абу-Дабиде өткен ММА-дан әлем чемпионатында  әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық ММА файтері үш дүркін әлем чемпионы атанды

Бағдат Жұбаныш үш мәрте әлем чемпионы атанып ММА тарихында рекорд орнатты. Бұл Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясы (IMMAF) тарихында мұндай рекордқа қол жеткізген алғашқы файтер.

Ол финалдық жекпе-жекте ресейлік Фарход Рахмоналиевті жеңіп, ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Жекпе-жектің үш раунды да қазақстандықтың басымдылығымен өткен. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Жұбанышқа берген. 

Одан бөлек, 65,8 келіге дейінгі салмақта сынға түскен шымкенттік Бекзат Жасия ММА бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші алтынын қанжығасына байланған. Ол ақтық сында испаниялық Хуан Изкуэрдоны жеңді.