Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022

Сыртқы істер министрі ТМҰ Бас хатшысымен кездесті

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрі ТМҰ Бас хатшысымен кездесті

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымымен ынтымақтастығы мәселелері және ұйымның күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Министр Ыстанбұлдағы Түркі кеңесінің 8-ші саммитінде қабылданған шешімдерді және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында Түркі инвестициялық қорын құру және орналастыру жөніндегі бастамасын тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-сапар барысында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин және ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыханмен екіжақты кездесулері жоспарланған.