12 Мамыр, 2010

ЕЛІМІЗДІҢ КҮШ-ЖІГЕРІНЕ ЖОҒАРЫ БАҒА

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше елордада ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының президенті (Осло қаласы), Норвегия Корольдігінің экс премьер-министрі Къелл Магне Бондевикпен кездесті. Ол Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төраға ел ретінде осы ұйымның түрлі өлшемдеріне қатысты мәселелерді талқылау және біздің мемлекетімізбен бітімгершілік саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында келген болатын. К.М.Бондевик Қазақстанның ел ішіндегі ұлтаралық және дін­аралық келісімді нығайту, толе­рант­­тылық қағидаттарын халық­ара­лық деңгейде ілгері жылжыту салаларындағы күш-жігеріне жоғары баға берді. Норвегиялық саясаткер Қазақстанның және  Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың жеке басының, әсіресе, өткен сәуір айында Вашингтонда ұйым­дастырылған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте айрықша айтылған Ядролық қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздікті бекемдеуге қосқан үлкен үлесін ерекше атап өтті. Кездесуде, сонымен қатар, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық миссиясын орындаудағы тиімді де прагматикалық қадамдары атап ай­тылды. Сұхбаттастар Қазақ­стан­ның Ұйымның үш өлшемі – әс­кери-саяси, экономикалық-эколо­гиялық  және гуманитарлық өл­шем­дерінің теп-теңдігін қамтама­сыз етуге нық жақындығын атап көрсетті. Сонымен бірге, Аста­наның төрағалық кезеңінде гуманитарлық өлшемдер бойынша бірқатар салмақты шаралар ұйымдастырмақ ниеті рес­публиканың ЕҚЫҰ-ның осы маңызды саладағы күш-жігеріне жаңа серпін қосуға ұмтылысын айғақтайтыны аталды. Бұл жерде әңгіме алдағы маусым айында Данияда өтеді деп жоспарланған ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары са­ласындағы ең басты құжаттары­ның бірі – Копенгаген құжаты мен Астанада ұйымдастырылады деп күтіліп отырған толе­рант­тылық және кемсітпеушілік жө­ніндегі жоғары деңгейдегі кон­ференция. Осыған байланысты Қ.Сауда­баев пен К.Бондевик ЕҚЫҰ аясында адам құқықтарын ілгері жылжыту саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перс­пективаларын талқылады.