Парламент • 01 Ақпан, 2022

Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді

1349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ОСК Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді

Айта кетейік, Нұрлан Нығматулин 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.

1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-америкалық бірлескен кәсіпорынның президенті.

1995-1999 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдар аралығында - Nur Otan Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылғы 20 қаңтар - 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Nur Otan Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.

2014 жылғы 3 сәуір - 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, Nur Otan партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2019 жылғы 22 тамызнан - Nur Otan Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.

2021 жылғы 14 қантардан - Nur Otan Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.

2021 жылғы 15 қантардан - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.