Тағайындау • 01 Ақпан, 2022

«Жасыл дамуға» жаңа басшы келді

3384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Жанат Самат «Жасыл Даму» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл дамуға» жаңа басшы келді

Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілерді талдау және мониторинг бөлімінің бас салық инспекторы ретінде бастады. Әр жылдары өңірдің салық комитетінде келіспеушіліктер мен консультациялар бөлімінің, жеке тұлғалар аудиті бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушылар аудиті бөлімінің бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда қаласында «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.

Еске сала кетсек, «Жасыл Даму» АҚ Қазақстанда кәдеге жарату алымы бойынша жаңа оператор болып белгіленді.