«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде цех қою түтінге оранып үлгерген екен. Мамандар бірден іске кірісіп, «Нива» көлігін ангардың ішінен шығарды. Шамамен 40 минуттың ішінде өрт толығымен сөндірілді. «Радуга» ЖШС-де гранула жасайтын станок істен шығып, электр сымдарынан өрт тұтанған. Үшінші нөмірлі, яғни жоғары қауіпті шақыру бойынша жұмыс істедік. Өйткені білдек тұрған ғимараттың аумағы 1,5 мың шаршы метр. Жалынның әрі қарай жайылуына жол бермей, тез қимылдау керек болды. Нәтижесінде бір білдек қана жанып кетті. Зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ. Шығын мөлшері анықталатын болады», деді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Владимир Хутинаев.
Сағат 7.00 шамасында «Радуга» ЖШС-нің өндірістік нысандарының бірінен өрт шыққаны жөнінде өрт сөндірушілерге хабарлама түскен. Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
Ірі құрылыс супермаркеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 16:40
Мүгедек балаларды кешенді қолдауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленеді
Сенат • Бүгін, 16:20
Каратэден алғашқы командалық әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 16:10
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 16:10
Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты
Туризм • Бүгін, 15:50