Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Қару дүкенін тонаған тағы бір күдікті ұсталды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының 40 жастағы тумасы Алматыдағы аңшылық дүкенінен қару ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қару дүкенін тонаған тағы бір күдікті ұсталды

5-6 қаңтарға қараған түні ер адам жолдастарымен бірге аң аулау дүкеніне кіріп, сол жерден мүлік пен қаруды ұрлап кеткені анықталды. Қылмыстық қудалаудан жасыру мақсатында ер адам 20 қаңтарда елордаға пойызбен келді. Осы уақыт ішінде күдікті жұмысқа орналасып, жатақханада бөлме жалдап тұрған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Алматыда орын алған бүлік кезінде мародерлық жасаған күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азамат Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.