Бүгін, 19 наурыз күні Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы болып, онда 11 мәселе қаралды. Соның ішінде кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, Ұлттық қордан 2014-2016 жылдарға бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңға және оған ілеспе 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобалары қаралып, мақұлданды. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады.
Депутаттардың талқылауға белсене қатысып, қызығушылығын тудырғандар қатарына «Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды, кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларын жатқызуға болады.
Сондай-ақ бүгінгі отырыста бірнеше халықаралық хаттамалар мен келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобалары мақұлданды. Соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзеніне «Достық» су торабын салу бойынша ынтымақтастық жасау туралы келісім бар. Ең соңғы мәселе болып Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Жақсыбай Самрат.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: Remarka.kz.
• 19 Наурыз, 2014
Парламентте республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47