Салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиадалық саябақтан бастау алды. Алау эстафетасын ресми түрде Қытай мемлекеттің кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты.
Ұйымдастыру комитеті ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығын біршама қысқартқан. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатысып жатқан жоқ.
Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру көзделген. Эстафета үш олимпиадалық кластер бойынша 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысуда. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүреді.
Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4-ақпан, Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.