Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Лукойл» жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. «Жеңіс» және «Әл-Фараби» жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ «Лукойл» мұнай компаниясы – «Қаламқас-теңіз» бен «Хазар» теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.
Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.