Берік Дүйсенбинов квазикәсіпорындардың жарғылық капиталы мен шығындары мемлекеттік бюджеттің миллиардтаған сомасынан құралып, тұрақты толықтырылып тұратынын айта келе, бірақ олардың жұмсалуы, яғни, офистер мен көліктерді ұстау, сыйақылар мен бонустар қалай бөлінеді – барлығы қоғамға да, Парламентке де жұмбақ екенін жеткізді.
Сонымен қатар депутат олардың қандай табыс тауып және оны қалай ұстайтындарын да ешкім білмейтінін алға тартты.
«Дәл осы жерде жүйелі бұзушылық орын алып, жемқорлық тамырын жаюда және мемлекет есебінен еш шектеусіз баю көзіне айналған. «Самұрық-Қазына» былай тұрсын, «Бәйтерек» қоры және министрліктер мен әкімшіліктердің маңайына үймелеген «СК-Фармация» қоры, «Парасат» холдингі, СПК сияқты қаптаған РГП, АО және ТОО-дан аяқ алып жүру мүмкін емес» деді ол.