Сауда орталығы 40 адам жұмыспен қамтып отыр.
Қала әкімдігінің қолдауымен кешенде әлеуметтік тауар түрлері бекітілген бағада тұрақты түрде сатылымға шығарылады. Аз қамтылған отбасылар үшін де жеңілдіктер қарастырылған.
Жаңадан ашылған сауда орталығының жұмысымен қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысып, сөрелердегі азық-түлік сапасы мен бағаларын бағамдап көрді.
Көтерме-тарату орталығы макарон, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерді өздері шығарады. Жалпы сауда орталығында 12 мыңнан аса тауар түрі тіркелген.
«GraMad» супермаркеті Шымкент қаласы, Қазығурт шағын ауданы, Ермексу көшесі 32 «Б» орналасқан.