Елорда • 02 Ақпан, 2022

Елордада жосықсыз құрылыс компаниялары лицензиясынан айырылады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жосықсыз құрылыс салушылар лицензиясынан айырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жосықсыз құрылыс компаниялары лицензиясынан айырылады

Елорда әкімдігінде құрылыс компанияларының өкілдерімен нысандарды аяқтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жосықсыз құрылыс салушыларға әкімдіктің тиісті рұқсатын алғанға дейін немесе «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алғанға дейін үлескерлердің ақшасын қабылдайтын болса «қара тізімге» енгізілетінін, ал материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылатынын ескертті.

Сол сияқты құрылыс компаниялары рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріссе, лицензиясынан айырылуы мүмкін. Жосықсыз құрылыс салушылардың тізімі әкімдіктің ресми сайтында және БАҚ беттерінде тұрақты жарияланады.