Үкімет • 02 Ақпан, 2022

Ұлттық экономика министрі Алтай Көлгіновпен кездесті

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық экономика министрі Алтай Көлгіновпен кездесті

Кездесу барысында тараптар экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ астананың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысының соңғы тапсырмалары шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар және Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінің негізгі қағидаттары туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Әлібек Қуантыров бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде әкімдіктің ұсыныстарын қосымша қарап, талқылауды ұсынды.

Астананы дамытудағы маңызды аспект оның агломерациялық дамуы. Сондықтан «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын әзірлеу шеңберінде Министрлік пен әкімдіктің іс-қимылын үйлестіру жұмысы жүргізіліп жатыр.