12 Мамыр, 2010

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда кеңес мүшелері концессия тетіктерін қолдана отырып көлік инфрақұрылымы саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.