Қоғам • 03 Ақпан, 2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады

1745 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады. Бұл туралы агенттіктің сайтында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылады

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ҰҚК шаралары туралы Мемлекет басшысының 11-қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында және 27-қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта форматтау жөніндегі жұмысын бастады.

ҰҚК органдарының, оның ішінде Шекара қызметі мен «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелері жеке шығарылды. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша шаралар әзірленді.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ТҚО режимі жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарына оларды жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлей отырып талдау жүргізіп жатыр.

Бұл жұмыстың нәтижесі ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдерін қайта ұйымдастыру болады», делінген хабарламада.