Тағайындау • 03 Ақпан, 2022

Антикордың Қостанай облысы бойынша жаңа басшысы тағайындалды

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикордың Қостанай облысы бойынша жаңа басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша жаңа басшысы қызметіне Серікжан Мырзалы тағайындалды.

Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов таныстырды. 

Серікжан Қуанышбекұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Шүлбі ауылында туған.

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының  ішкі істер министрлігінің жоғарғы мектебі және Қарағанды экономикалық университетін бітіген. 

Қадағалау органындағы еңбек жолын Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастады.

Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Павлодар облысының Ертіс және Павлодар аудандары прокурорларының орынбасары, Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2006-2009 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында қызмет атқарды. Кейіннен Қазақстан Республикасының  арнайы есеп және құқықтық статистика Комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

2012ж. Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінде, Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік істер бойынша агенттігінде жұмыс істеді, кейіннен, қызметін прокуратура органдарында жалғастырды.

Құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі 24 жыл, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.