Спорт • 03 Ақпан, 2022

Қысқы Олимпиадада қанша ерікті жұмыс істейді?

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жалпы есебі 19 мың волонтер жұмыс істейді деп хабарлайды Egemen.kz.

Қысқы Олимпиадада қанша ерікті жұмыс істейді?

Бұл туралы бейсенбіде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді.

«Қазіргі таңда қысқы Олимпиада ойындарында 19 мың волонтер қатысуда. Алдағы күндері қытай халқының қонақжайлығынан ләззат алыңыздар», деді ол. 

Айта кетелік, Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.