Аймақтар • 04 Ақпан, 2022

Алматыда тағы да бейбіт митинг өтеді

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі әкімдерді сайлау жөнінде митинг өткізуге келісім берді. Бұл мәліметті қаланың ішкі саясат басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тағы да бейбіт митинг өтеді

Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер талабы бойынша, Алматы қаласының әкімін халық таңдауы керек.

«Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді», деді қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Белсенді Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі «Qantar 2022» аза тұту митингін өткізуге рұқсат бермегенін де айтқан. Олар митингті 13 ақпанды өткізгісі келген. Қала әкімдігі митинг өткізуге рұқсат бермеудің себебін - қаладағы эпидемиологиялық жағдаймен байланыстырған.