Тағайындау • 04 Ақпан, 2022

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

3257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұрат Қабденов Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Мұрат Талапұлы Қабденов бұған дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымы қызметін атқарып келді.

Білімі: Шымкент педагогикалық институты (1992), Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебі (1996).

Еңбек жолын 1992 жылы Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасының ҚІБ жедел уәкілі болып бастаған.

- Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі, бөлімше бастығы, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, бөлім бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы МТКБ бастығының орынбасары (1993-1997);

- Оңтүстік Қазақстан облысы БІІБ ұйымдастырушылық-әдістемелік және КПҚ шетелдіктермен жұмыс жөніндегі басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығы (1997-1999);

- Сарыағаш ауданы Ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің бастығы (1999-2001);

- Шымкент қаласы 1-полиция бөлімінің бастығы (2001-2003);

- Ақмола облысы БІІБ бастығының орынбасары (2003-2005);

- Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары (2005-2007);

- Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы (2007-2009);

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (2009-2011);

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары (2011-2012);

- Павлодар облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаментінің бастығы (2012-2014);

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі (2014-2017);

- 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.