Оқиға • 04 Ақпан, 2022

Павлодар облысында бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық кардиология орталығында бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды. Ақша қымбат медициналық қондырғыларды іске қосуға бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

«Павлодар облыстық кардиология орталығында құрал-жабдықтарды іске қосуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды»,  деді Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 24 қаңтардан бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе иемдену» бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Соталды тергеп-тексеруді тіркеуге «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ішкі аудит қызметіне жүргізілген тексеру негіз болды. Тергеу жалғасып жатыр, басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», деді департамент өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025