20 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №25

178 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
2014 жылғы 23 қаңтар,  Астана, Үкімет Үйі «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республи­касының Заңы 6-бабының 3) тар­мақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 807 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 786-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы №25 қаулысымен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтiнiштердi қабылдау және нәтижелердi беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 60 (алпыс) күн; көрсетілетін қызметті беруші қолдаухатты алған күннен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және көрсетілетін қызметті алушыны қолдаухатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолдаухатты қарауға қабылдаған кезден бастап күнтізбелік 50 (елу) күннен аспауы тиіс. мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған қолдаухат немесе онымен байланысты басқа қолдаухат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн қолдаухатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi; қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде қолдаухатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн қайта басталады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті алушыны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырла­нуға келiсiм беру туралы қолдаухатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнің өтуі жалғасады; көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім күнтiзбелiк 10 (он) күннен кем болмауға тиiс; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыруы үшін рұқсат етілген күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 1) экономикалық шоғырлануға келісім беру; 2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырла­нуға тыйым салу (егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса) болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз жүзінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 9. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухатқа қоса берілетін (экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттың нысаны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандар­ты­ның қосымшасында көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі немесе уәкілетті тұлғасы) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша: тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы; қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi; құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрыл­тай шарты немесе олардың жобалары; құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiмет­тері мен шарттарының тiзбесi; қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiле­рiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі: жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы; атауы, заңды және нақты мекенжайлары; жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi; акциялардың түрлерi; нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi; қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы; 2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталын­дағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капита­лындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес немесе одан да аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес пайыздан астамына билік етуге құқық алады: шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат; сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі: жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы; атауы, заңды және нақты мекенжайлары; жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi; акциялардың түрлерi; өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімі; өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импорты­ның көлемі; өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi; нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы; 3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің теңгерімдік құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері теңгерімдік құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша: шарт немесе шарттың жобасы; сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі: жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы; атауы, заңды және нақты мекенжайлары; жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi; акциялардың түрлерi; сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі; тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер; тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы; нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы. 4) нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметті басқа нарық субъектісі жүргізген кезде олардың орындауына міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтар алуы бойынша: заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат; сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі: жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы; атауы, заңды және нақты мекенжайлары; жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi; акциялардың түрлерi; өзiне қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 4) тармақша­сында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi; өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; өздерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акциялары­ның (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi; нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы. 5) бір ғана жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқау кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын айқындау шартымен қатысуы үшін: екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, бай­қау­шы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер: жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер; заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды; хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайын­далатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы; хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңес­тер­ге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы; хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңес­тер­ге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi; хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі: нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары; тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi; хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі: нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары; хабарламаны (қолдаухатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi. 6) шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағына сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды: өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені; егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн; егер сатып алушының – шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді. Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы қолдаухатты қарауға кедергi келтiретiн болса, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушыдан және (немесе) мемлекеттiк органдардан сұратуға құқылы. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлану жасауға ниеттенген нарық субъектілері құжаттар мен мәліметтер тізбесін көрсете отырып, «Бәсекелестік туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республи­касының Заңында көзделген тәртіппен келісімді алдын ала алу үшін монополияға қарсы органға қолдаухатпен жүгінуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде күні және көрсеті­летін қызметті беруші қызметкерінің қолы көрсетілген көрсе­тілетін қызмет алушы құжаттарының көшірмесіндегі белгі (тіркеу туралы) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. Құжаттардың тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген қолдаухатты қарауға қабылдау туралы хат немесе қолдаухатты өтініш берушіге қайтарып беру туралы хат түріндегі дәлелді жауап құжаттардың қарауға қабылданғандығын немесе құжаттың және мәліметтің толық болмауына байланысты қарауға қабылдаудан бас тартылғандығын растау болып табылады. 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (қолдаухаттарды қарауды тоқтату) үшін: көрсетілетін қызметті алушылардан қолдаухатты кері қайтарып алу туралы хабарламаның түсуі; 2) егер мұндай ақпараттың болмауы қолдаухатты қарауға кедергі келтіретін болса, көрсетілетін қызметті алушының ақпарат­ты көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімде бермеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының қолдаухатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат беруі негіз болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухатты қарауды тоқтату туралы шешімі көрсетілетін қызметті берушінің актісімен ресім­деледі және мұндай шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатты қарау тоқтатылған­нан кейін көрсетілетін қызметті берушіге эконо­микалық шоғыр­лануға келісім беру туралы жаңа қолдаухатпен жүгінуге құқылы. 3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым­данған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасыда көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушіге күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсеті­летін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республи­касының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Көрсетілетін қызметті берушіге өзінің келу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушылары мемлекеттік қызмет көрсетуді сенімхат бойынша өкілі немесе уәкілетті тұлға жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы интернет-ресурста: www.azk.gov.kz орналастырылған. 15. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігі жоқ. 16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің телефондары бойынша қашықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414, көрсетілетін қыз­метті берушінің телефон нөмірлері көрсетілетін қызметті берушінің www.azk.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухат Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) бірінші басшысы __________________________________ __________________________________ (Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы (ТАӘ) Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухат «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 49-бабының 2-тармағына сәйкес_______________________ _______________________________________________ (мәміленің, іс-әрекеттің нысанасы мен тараптары көрсетілген мәміленің, іс-әрекеттің сипаттамасы) қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын. Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухат _________________________________________________ негізінде («Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі) __________________________________________ беріледі. (көрсетілетін қызметті алушының атауы (ТАӘ) көрсетіледі) Құжаттама _____________________________________ сәйкес («Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-бабының тармағы көрсетіледі) қоса беріледі. Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі). Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын. Уәкілетті тұлғаның қолы