Қысқы спорт • 04 Ақпан, 2022

Бейжің-2022: Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Бейжің қаласында XXIV Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің-2022: Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды

Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар келеді деп күтілуде. Айтулы аламанға спортшылар жіберу жөнінен АҚШ, Ресей мен Канада көш бастап тұр. Мәселен, АҚШ-тан 223 адам дүбірлі додада бәсекеге түссе, Ресейден – 212, Канададан – 211 спортшы жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бастап тәуелсіз мемлекет ретінде қатысып келеді. Сол жылы Лиллехаммерде (Норвегия) 29 спортшымыз сайысқа түсті. Ал 1998 жылы Наганода (Жапония) 60, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) - 50, 2006 жылы Туринде (Италия) - 56, 2010 жылы Ванкуверде (Канада) - 39, 2014 жылы Сочиде (Ресей) - 52, 2018 жылы Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) - 46 спортшы дүбірлі додаға қатысты.