Дәл қазір қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Аталған шараны әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар тамашалады.
Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алған.
Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада шеруінде жүріп өтті.