20 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №4-1/147

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 13 наурыз,  Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9193 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесінің 30-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы 14 ақпандағы және 2014 жылғы 28 ақпандағы хаттамалары негізінде бұйырамын:». 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Министр А.МАМЫТБЕКОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9216 болып енгізілді.