Коронавирус • 06 Ақпан, 2022

Қанша жасөспірімге Pfizer вакцинасы салынды?

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау бойынша өзекті ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанша жасөспірімге Pfizer вакцинасы салынды?

Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 6 ақпандағы деректері бойынша Pfizer вакцинасының I дозасын - 687 838 адам, ал II дозасын - 376 687 адам салдырды.

I доза: жасөспірімдер – 567 281, жүкті әйелдер – 27 283, бала емізетін әйелдер – 87 809.

II доза: жасөспірімдер – 307 561, жүкті әйелдер – 17 361, бала емізетін әйелдер – 51 749.