Жаңа функция Twitter сайтында және Android платформасына арналған мобильді қосымшада пайда болады, ал iOS операциялық жүйесінің пайдаланушылары бұл функцияға бұрын да қол жеткізген.
Twitter бұны өткен жылы тестілей бастады. Алайда, компания өкілдері бұл функцияны «дизлайк» деп атамауға шақырды.
Сарапшылар функция қарапайым болып көрінетініне қарамастан, оны енгізу теңгерімді талап ететінін атап өтті.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндағы мақсат - қарым-қатынас сапасын жақсарту. Алдын-ала жүргізілген сынақтар, пайдаланушылар бұл батырманы қорлайтын пікірлерге немесе орынсыз деп қабылдаған жазбаларға ғана қолданғанын көрсетті.